Меню KDT

logo.jpeg?_=1615537950

"№38 мектеп-лицей" КММ
  • kz
  • ru
  •  

     

    Категории

    №38 мектеп-лицейде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы

    №38 мектеп-лицейде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды.  Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Валиханов Ерсын Чоханович. Клуб мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларында белсенділік танытады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырып бас қасында болады. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және адамгершілік сезімдері еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені үлгі етілді.
    №38 мектеп-лицейдің «Адал ұрпақ» жылдық жоспар негізінде тақырыптық адалдық сағаттары өткізіледі. Адалдық сағатының мақсаты – оқушыларға адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

                                                                                                                                                                                                              
    15.10.2021
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер