Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Menu
Мектеп тарихы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1999 жылы 1 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы тұңғыш қазақ мектеп-лицейі болып ашылды. Мектеп-лицейдің 600-ден астам жуық түлегі мемлекеттік грант иегері атанды. 2001-2002 оқу жылында мектеп республика бойынша «Таңдаулы мектеп-2001» номинациясын жеңіп алды, бірнеше оқу жылы қатарынан «Үздік мектеп-2007, 2008, 2009» атанып, қала әкімінің грантына ие болды. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша «Көшбасшы мектеп» атағын жеңіп алса, 2012-2013 оқу жылы Астана қаласының «Үздік мектеп – 2013» атағын жеңіп алды. 2013 жылы Халықаралық ВІD сапасы бойынша конвенция «Лондон-2013» Алтын категория жүлдесі Алтын тәж иеленді. lQC жүлдесі №38 мектеп-лицейіне кемелдіктің бұлжымас сапасының беріктігі үшін берілді.
2017 оқу «Үздік 10 мектептің» қатарына еніп 1 млн ақшалай жүлде иеленді.
Соңғы 4 жылың ішінде Қалалық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы-200, республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы-25 және 12 оқушы халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанды.
Ал мұғалімдеріміздің ішінде Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері-1,
Құрмет орденінің иегері-1,Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері -5, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері-2, ҚР білім беру ісінің үздігі-4, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегерлері-11, Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты иегері-2. Қазіргі таңда Инновациялық технологиялар жүзеге асыру бойынша мектеп-лицейде 6 инновациялық жоба жұмыс жасайды.Олар «CA CISCO», STEM, «Global scholars», «Эмоционалды интеллект», «Салауатты тамақтану» мектебі, «Бағдарламалау негіздері.». «CA CISCO» жобасы бойынша 12 оқушымыз халықаралық сертификат иеленді. 2019 жылы қыркүйекте жаңа қосылған STEM инновациялық жоба бойынша Республикалық деңгейде екі коммандамыз жүлделі ІІ орын иеленді. «Global scholars» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылында 21 оқушы халықаралық сертификатқа ие болды.
№38 мектеп-лицей 5 жыл көлемінде қала мектептері арасында жетекші мектеп болып келеді.
2019 оқу жылы қыркүйек айында Голландияның астанасы Амстердамда Лессон стади бойынша өткен WOLS –атты халықаралық конференцияда біздің мектептің жұмысы үздік деп танылды.