Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Menu
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
Парламент ісі жөніндегі комитет
«Білім туралы» ҚР заңына сәйкес Парламент ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жасөспірімдер саясатын жүргізе отырып, оқушылардың оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады. 38 мектеп-лицейі Парламент ісі жөніндегі комитеті оқушылардың сапалы кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасуына ықпал ететін әртараптандырылған білім беру ортаны құруға тиімді жұмыс атқарып келеді. Мақсаттары мен негізгі міндеттері: Жасөспірімдердің әлеуметтік құқығын қорғау;
Оқушылардың арасында достық, бауырластық және халықтар бірлігі идеяларын насихаттау;
Кеңестің немесе комитеттің кез келген мүшесі тәрбие жұмысына байланысты құжаттарға өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтеру;
Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп-тұру, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту;
Оқушыларды Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдісін тереңдетуге, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келісімді сақтауға жұмылдыру;
Оқушылар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тіліне, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұраларына деген құрметті қалыптастыру;
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Жасөспірімдер мәселелеріне арналған конференциялар, «дөңгелек үстелдер», спорттық және туристік шаралар өткізу;