Меню KDT

logo.jpeg?_=1668339155

Астана қаласы әкімдігінің
"№38 мектеп-лицей" ШЖҚ МКК
  • kz
  • ru
  • Кітапхана қызметі

    Сипаттамасы Сілтемесі
    Қазақ тіл білімнің атасы, ағартушы, педагог, зерттеуші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойына арналған «Ұлттың – ұлы ұстазы» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге ақынның өмірбаяны, зерттеу еңбек жұмыстары туралы мәліметтері, алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» аударма жинағы, «Маса», шығармалары т.б кітаптары қойылды. Көрмедегі ақынның шығармаларымен 2 «Ә», 2 «И», 5«Ж» сыныптарға шолу жасалып, әдебиеттері насихатталды. https://www.instagram.com/tv/CirXB0AA5fn/?utm_source=ig_web_copy_link
    Құрметті оқырмандар! Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицей кітапханасы «Оқуға құштар мектеп – Оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, өтіп жатқан кітап көрмесіне шақырамыз. Бұл көрмеге мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған «100 кітап» жобасы аясындағы кітаптар: «Қазақ ертегілері», «Алдар көсе», «Батырлар жыры», Абай Құнабаевтың қара сөздері мен өлеңдері, Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан үя», Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повестері мен әңгімелері, Әбіш Кекілбаевтың «Ханша -Дария хикаясы» баладалары мен хикаялары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен поэзиялары, Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімелері және т.б. көптеген әдебиеттер қойылған.
    Мектеп кітапханашысы: Алимгазина А.К.
    https://www.instagram.com/tv/CiziQyCgVE6/?utm_source=ig_web_copy_link
    Астана қаласы № 38 мектеп-лицей кітапханасында 25 қазан - Қазақстан Республикасы күніне орай «Қазақстан - біртұтас ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылар өз еліміздің әнұранын айтып елімізге, жерімізге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында көрмеге қойылған «Қазақстан елтаңбасы», «Атамекен» , «Қазақстан», «Ежелгі Қазақстан» және т.б кітаптарға шолу жасалды. Ел бірлігін сақтауды, татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. https://www.instagram.com/tv/Cj4l58EAuYw/?utm_source=ig_web_copy_link
    Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздердін назарларыңызға Астана қаласы №38 мектеп-лицей кітапханасы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабын жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында ұсынамыз және оқуға шақырамыз!
    https://www.instagram.com/tv/CkfVqQ1A9pK/?utm_source=ig_web_copy_link





    Адалдық алаңы



     

    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер